« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Елде мемлекеттік реттеуді енгізу арқылы төтенше жағдай кезінде автокөліктерге арналған сұйытылған газдың бағасы тұрақтандырылады, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынының құнын төмендетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 8 хаттамасының 8.2-тармағына сәйкес Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп, автогаз құю стансаларында сұйытылған мұнай газын сатуға арналған уақытша мемлекеттік бағалық реттеуді енгізу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
«Егер бұрын жанар-жағармай құю стансаларындағы газ бағасы нарық бойынша реттелсе, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін Энергетика министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, барлық 2 165 жанармай құю бекетіндегі ең төменгі және ең жоғары бағаны талдап, мемлекет реттейтін бағалық шектеуді орнатты. Әр аймақтағы баға логистикалық шығындарға, зауытқа жақындығына, жанар-жағар май стансалары пен тұтынушылар санына және т.б. байланысты. Тұтастай алғанда, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының орташа бағасы 8% төмендейді», делінген хабарламада.
Бұдан басқа да шаралар қолданылды. Мысалы АМӨЗ сақтау паркінен босатылатын сұйытылған мұнай газының бағасы тоннасына 62 мыңнан 56 мың теңгеге дейін төмендеді.
Осы бұйрықты іске асыру төтенше жағдай кезінде автокөлікке арналған газдың бағасын мемлекеттік реттеуді енгізу жолымен тұрақтандыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде халықтың тұтыну қоржынындағы шығынын төмендетеді.
Бірлескен бұйрық 2020 жылдың 1 сәуірінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында орналастырылды. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрық бекітілді және Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілді.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |