Қызылордада ұрлық жасағандарға сот үкімі шықты

Қызылордада пәтер ұрлығын жасаған екі тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық полиция департаменті хабарлады.
Осы жылдың басында облыс орталығында сағат 18:00 шамасында белгісіз адамдар Қызылорда қаласының тұрғынының үйіне пластик терезесі арқылы кірген. Компьютерлік техникалар мен қымбат тұратын зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1 миллион 870 мың теңгені құрады.  Тез арада жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Арал қаласының екі тұрғыны құрықталып, соңғылар кінәларын толығымен мойындады.
«Олар уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚP Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен (iрi мөлшерде жасалған ұрлық) іс қозғалды.  Қызылорда қаласының №2 сотының үкімі негізінде айыпталушыларға 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Олар жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сонымен қатар, сот жәбірленушіге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді», - деп мәлім етті ведомстоводан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2020 г. 395 0