Тұрғындар арасында жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу мақсатында Қазалы ауданында карантин жарияланғаны белгілі. Соған қарамастан аудан тұрғындары бір жерге көптеп жиналу фактілері тіркелуде. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап «Қазпошта» АҚ Қазалы аудандық филиалы мен «Халық банк» ғимаратының алдында жиналған халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Сондықтан аудан тұрғындарынан азық-түлік дүкендері мен басқа да адам көп шоғырланатын жерлерде медициналық маска мен қолғап киіп, арақашықтықты сақтауларыңызды сұраймыз. Бұл жұқпалы індеттің таралмауына кедергі болатын бірден-бір жолы", - деп мәлім етті Қзалы ауданы әкімдігі.