Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиясының ресми парақшасы іске қосылды
Primeminister.kz елімізде Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның ресми парақшасын іске қосты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«Сайтта Қазақстан аумағында COVID-19-дың таралуына жол бермеу шаралары туралы басты жаңалықтар мен ресми құжаттарды қоса алғанда, Шұғыл штабтың жұмысы туралы соңғы ақпараттар жарияланады»,-делінген хабарламада. ⠀