«Біз зомбылыққа қарсымыз»

«Біз зомбылыққа қарсымыз»Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2013 жылғы Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні болып бекітілген.
Осыған орай, ағымдағы жылы Қызылорда облыстық Ассамблея хатшылығы отбасылық құндылықтар мен отбасылық-демографиялық саясатты насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын жасады.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес 18 тамыз-30 қыркүйек аралығында облыста түрлі бағыттағы қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылуы жоспарланған.
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы,  Жастарды қолдау орталығы және «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алғашқы шара 18 тамызда «Біз зомбылыққа қарсымыз» атты акциясымен басталды. Акция мақсаты - жаңадан отау құрған отбасылары мен студент жастарды отбасы құндылықтарын сақтауға,  отбасында сыйластықты, татулықты бекемдеуге бағытталған.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыс көлемінде жыл сайын 5000-нан аса жұп некесін заңдастырса, олардың 1000-ға жуығы некені заңды түрде бұзылады екен. Бұның бір себебі отбасыдағы зорлық-қомбылықтың әсерінен туындаса керек.
Акция барысында «Қоғамдық келісім орталығының» директоры Р. Ахметова, облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Ш.Қасымова, қалалық әділет басқармасының маманы С.Бектұрғанова жас отбасылар өкілдеріне отбасы бірлік-берекесін, тұрақтылығын сақтауға байланысты қажетті кеңестерін берді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2014 г. 830 0