Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылы туған бала Covid-19 індетін жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер бала – Петропавл қаласының тұрғыны. Ол провизорлық стационарда әкесімен бірге жатқан. Карантинге шығарар алдында жасалған талдау оң нәтиже берді. Қазір бүлдіршін Петропавл қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды.