Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан ақпараттарға қарағанда, 3 сәуір, сағат 09:40-тағы жағдай бойынша, Атырау облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3, Түркістан облысында -3, Ақтөбе облысында 2 адам коронавирус жұқтырған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша елімізде жаңа вирусты жұқтырғандар саны 444-ке жетті. Нұр-Сұлтан қаласы – 199 Алматы қаласы – 91 Шымкент қаласы – 11 Ақмола облысы – 19 Ақтөбе облысы – 7 Алматы облысы – 9 Атырау облысы – 20 Шығыс Қазақстан облысы – 3 Жамбыл облысы – 6 Батыс Қазақстан облысы – 2 Қарағанды облысы – 21 Қызылорда облысы – 26 Маңғыстау облысы – 1 Павлодар облысы – 1 Солтүстік Қазақстан облысы – 14 Түркістан облысы – 14 Шұғыл штаб таратқан мәліметтерге қарағанда, COVID-19 індетін әлемде 1 016 910 адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны – 53 211, емделіп шыққандар – 212 991.