Шиелілік 21 жастағы тұрғынның коронавирусты қайдан жұқтырғаны анықталды


Қызылорда облысында бүгін коронавирус дертімен анықталған тұрғынның оны қайдан жұқтырғаны белгілі болды.
Шиелі ауданында тұратын науқас 1999 жылы дүниеге келген. Ол коронавирус жұқтырған Түркістан облысының тұрғынымен «Петропавл-Қызылорда» пойызында бір вагонда болған. Нәтижесінде шұғыл карантиндік стационарға оқшауланып, зертханалық зерттеулерге сынамалар алынған болатын. Одан анализ оң нәтиже көрсетті. Науқас Шиелі ауданаралық ауруханың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.  
«Аталған жағдай бүгінгі күнге дейінгі облыста тіркелген 25 науқаспен байланысы анықталмаған, сырттан тасымалданған дерек ретінде тіркелді. Науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған тағы 3 адам анықталып, олар карантиндік стационарға жатқызылды. Бүгінгі жағдай бойынша COVID-19  коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген 184адам мониторингтік бақылауға алынды. Оның ішінде 1 А санатындағы елдерден келгені - 20 адам, 1 Б санатындағы елдерден келгені - 164 адам бар. Мониторингке алынған азаматтар арасында 12 адам карантиндік стационарларда медициналық бақылауда, - деп мәлім етті облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бапасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Әділжан Үмбет
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2020 г. 1 537 0