Алматыда 11-ші науқас коронавирустан емделіп шықты

Алматыда тағы бір науқас коронавирус дертінен емделіп, ауруханадан шығарылды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар. 68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).
 Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар. Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған. Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды. Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і — бала. Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і — бала. Үй карантинінде 3853 азамат бар.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2020 г. 307 0