Жуырда қазалылықтар арасында ватсап желісі арқылы ауданның Жанқожа батыр ауылы тұрғынынан коронавирус індеті анықталғаны туралы ақпарат тарады.
Онда «жергілікті тұрғындар жан-жаққа қашып жатыр, індет жұқтырған адам қалтырап ауырып жатыр» делінген. Хабарламаны жіберген азаматты аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтады. Ол Әйтеке би кентінің тұрғыны болып шықты. Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі осы орайда жалаң ақпаратқа сенбеу керектігін ескертеді. Ауруға қатысты ресми мәліметті www.coronavirus2020.kz сайты мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан ғана алу керек.