Аралда автокөлікпен залалсыздандыру шаралары жүргізілді

Арал ауданында орталық базар маңы мен аялдамаларда, банкоматтар мен мемлекеттік мекемелер маңына күшейтілген түрде арнайы автокөлікпен залалсыздандыру шаралары жүргізілді.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтарда болып, санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың барысын қадағалады. Сонымен қатар, тиісті сала басшыларына бұл жұмыстардың қауіпті инфекцияның таралуын болдырмаудағы маңыздылығын айтып, жауапкершілікпен тиянақты түрде жүргізу қажеттігін тапсырды. Алдағы уақытта да санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2020 г. 223 0