Қазалы ауданы Тасарық ауылдық округіне қарасты Лақалы ауылында кітапханашы Күләйхан Мақашова игілікті істі қолға алды. Ол медициналық бетперде тігуге көңіл бөліп отыр.
Бетперде бірнеше мәрте пайдалануға жарайды. Оны ауылдағы көпбалалы, әлеуметтік әлжуаз отбасыларға, қарияларға тегін таратып береді. Осылайша қауіпті індеттің алдын алуға өз үлесін қосып, ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленді.