Шахмардан Байманов - 36 жаста

 

36 жыл бұрын (1984) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Асқарұлы Байманов дүниеге келді.
 Қызылорда қаласында туған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін қаржы және қаржылық құқық мамандығы бойыша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебін саясаттанушы мамандығы бойынша аяқтаған. 
Еңбек жолын 2005-2007 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып бастады. 2007-2008 жылдары – Қызылорда облыстық «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» қауымдастығының атқарушы директоры. 2008-2011 жылдары – «Қазақстан жастар конгресі» атқарушы директорының орынбасары. 2011-2012 жылдары – «Қазақстан жастар конгресі» атқарушы директоры. 2012-2015 жылдары – Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы. 2015-2017 жылдары – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы. 2017-2019 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.
 Қазіргі қызметінде 2019 жылдың мамыр айынан бастап «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Белсенді қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2020 г. 537 0