Әлеуметтік төлемді Telegram бот арқылы алуға болады

Әлеуметтік төлемді Telegram бот арқылы алуға болады. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтынане сілтеме жасап.
Telegram бот арқылы төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алуға өтініш жасау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
1-қадам: Өтініш беруші Telegram-ға кіріп, «EgovKzBot2.0» іздеп табу керек;
2-қадам: «Төтенше жағдай кезінде 42 500 төлеу» қызметін таңдайды;
3-қадам: Өтінішті қалыптастыру үшін қажетті деректерді толтырады, өз деректерін көрсетеді. Деректерді жібереді.
4-қадам: Өтініш «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесіне келіп түседі, 1 күн ішінде деректер тексеруден өтеді (бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілердің өтініштері тексеруден өтпейді);
5-қадам: Ақпарат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа өтінішті өңдеу үшін «Е-Макет» ақпараттық жүйесіне 1 күн ішінде түседі;
 6-қадам: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жәрдемақы тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-ға өтініш жібереді;
 7-қадам: Telegram-ға әлеуметтік төлемнің тағайындалуы туралы жауап жіберіледі. Төлемді жүзеге асыру ЕДБ-дағы төлем алушының шотына аудару арқылы жүргізілетін болады.
Telegram-бот ағымдағы жылғы 2 сәуірден бастап жұмыс істей бастайды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 сәуір 2020 г. 1 689 0