Қазалы ауданы ауылшаруашылығына негізделген аймақ. Халықтың негізгі тіршілігі егін мен мал шаруашылығы.
Сондықтан осы кәсіпті дамыту бағытында да біршама жұмыстар жүргізілді. Статистикалық есепке сәйкес, 2014 жылдың 6 айында ауылшаруашылық құрылымдарында өндірілген өнім 1 млрд. 451 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 219 млн. теңгеге артты. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыстың басқа аудандарының ішінде 1-орында тұр, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Есепті кезеңде сауылған сиыр сүті 702,8 тоннаға, ет өндірісінің көлемі 240,0 тоннаға артық өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда тиісінше 111,5 пайызды және 112,0 пайызды құрады.