Қызылорданы тікұшақпен дезинфекциялайтыны рас па?

Қызылордалықтар арасында бүгін ватсап әлеуметтік желісі арқылы "Бүгін сағат 23.40-тан бастап ешкім үйден тыс жерде болмауы керек. Есік-терезелер жабық тұруы керек. Өйткені 5 тікұшақ коронавирусты жою үшін дезинфекциялық құралдарды шашыратады" деген хабарлама тарады. Оқырман көкейіндегі мәселеге байланысты мән-жайды қала әкімдігіне хабарласып білдік. 
"Мұндай негізсіз хабарламаларға емес, ресми ақпаратқа сену керек. Бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан қала тұрғындары алаңдамаса болады", - деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Балгүл Мәмен. 
Сондай-ақ, ол осындай өтпелі кезеңде халықтың елде және өңірде жарияланған төтенше жағдай мен карантин талабына бағынып, сабырлы болуы маңызды екенін атап өтті.

Сб-ақпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 сәуір 2020 г. 2 166 0