« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу алгоритмі жарияланды. Бұл туралы ҚР Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулысында тапсырма берді.
«Алгоритмге сәйкес, мәйітті туыстарына беруге болмайды. Жақын туыстарға ғана 3 метр қашықтықта қоштасуға 30 минут уақыт беріледі. Жерлеу рәсіміне бір ғана діни қызметкер қатысады», – деді бас санитарлық дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.
Оның айтуынша, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызметтің қызметкердің бақылауымен және жергілікті атқарушы органның қатысуымен өтеді және эпидемияға қарсы барлық шаралар қатаң сақталады.
Еске сала кетсек, аталған қаулының қосымшасына сәйкес, COVID-19-ға күдікті адам қайтыс болғанда эпидемиологиялық тексеру және осы жағдайға байланысты басқа да іс-шаралар эпидемияға қарсы режім талаптарын сақтай отырып тез арада жүргізіледі.
« Сәуір 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 |