Қыркүйектің ортасында Байқоңыр ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш стансасына ұзақ экспедицияға шығуға ұшуалды дайындықтарын жүргізу үшін кезекті экипаж келеді. Ал ресейлік ғарышкерлер жасағында жалғыз әйел бар, ол - №1 борт инженері Елена Серова.
2006 жылы ғарышкерлер жасағына қабылданғанға дейін ол «Энергия» ресейлік ғарыш корпорациясында (РҒК), Ұшуды басқару орталығында (ҰБО) 2-ші санаттағы инженер болып жұмыс істеді
2009 жылы Серова «Энергия» РҒК «ғарышкер-сынақшы» біліктілігін алды, 2011 жылдан бастап Елена Ресейғарыш ғарышкерлер жасағының сынақшы ғарышкері атанды.
38 жастағы Е. Серова бұрынғы «Энергия» РҒК сынақшы-ғарышкері Марк Серовтың зайыбы, қыздары Елена 10 жаста.
Союз ТМА-14М кораблінің негізгі экипажының құрамына ресейлік ғарышкерлер командир Александр Самокутяев пен №1 борт инженері Елена Серова, сондай-ақ америкалық астронавт, борт инженері Барри Уилмор кіреді.
МКС-41/42 бағдарламасы бойынша Союз ТМА-14М ғарыш кораблінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы 2014 жылғы 26 қыркүйекке белгіленген. Елена Серова ғарышқа ұшқан төртінші орыс әйелі болады.
Еске сала кетейік, әлемдегі алғашқы ғарышкер әйел КСРО ұшқыш-ғарышкері Валентина Терешкова болды, ол 1963 жылғы 16-19 маусымда ұшқан. Әлемдегі екінші әйел ғарышкер, ашық ғарышқа ұшқан алғашқы әйел - КСРО ұшқыш ғарышкері Светлана Савицкая, ол 1982 және 1984 жылдары екі рет ұшты. Ресейдегі ғарышқа ұшқан әйелдер қауымының үшінші өкілі Елена Кондакова, ол 1994 және 1997 жылы екі рет ғарышқа ұшты, оның алғашқы ұшу ұзақтығы 170 тәулік болды.