1960 жылы 19 тамызда Байқоңыр ғарыш айлағынан бортында Белка және Стрелка атты иттер бар «Спутник-5» кораблі ұшырылды, деп хабарлады Ресейғарыш баспасөз қызметінен.
Белка мен Стрелка жер серігіне аттанған үшінші иттер экипажы болатын. Ғарышқа алғаш рет 1957 жылы Лайка атты ит ұшырылған.
Белка мен Стрелканың саяхаты адамзаттың Жер айналасында орбиталық ұшуы мүмкін екендігі туралы тұжырымға келуге мүмкіндік берді.
Иттер сапардан кейін авиациялық және ғарыш медицинасы институтында тұрды, ол жерден оларды балабақша мен мектептерге көрсету үшін апарып отырды. Бірнеше айдан кейін Стрелка жарық дүниеге алты күшік әкелді. Олардың біреуі АҚШ Президенті Джон Кеннедидің зайыбы Жаклинге сыйға берілді.
Белка мен Стрелка қартайғанша өмір сүрді.