Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы мәлімдеме жасайды
Бүгін Қазақстан Президенті телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу жолдайды.
«Бүгін сағат 21:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналардың эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің экономика мен әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мәлімдеме жасайды», деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.