"Казгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының хабарлауынша, 20-22 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде күндізгі ауа температурасы 40-43 С градус ыстыққа дейін көтеріліп, солтүстік-шығыстан соққан желдің 15-20 м/с дейін күшейеді.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.