Коронавирустан жазылғандар басқа адамдарға да вирус жұқтырып жүр - ғалымдар

Коронавирустан жазылған адам одан кейін де өзгелерге вирус жұқтырады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KKKBTU Жедел штабына сілтеме жасап.

Сондықтан қазіргі уақытта қытайлық ғалымдар коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққандардың карантиндегі мерзімін ұзартуға шақырады.

"Дәрігерлер науқастардың сараптамасы COVID-19 жоғын көрсетсе де олар вирус тарата беруі мүмкін екенін анықтады. Жазылды делінген адамдарда вирустың ешқандай белгілері байқалмайды, алайда оларда вирустың белгілі бір бөліктері қалып қояды. Жазылғандардың жартысынан көбі вирусты өзгелерге жұқтырып жүреді", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, ауруханадан шығарылған адам 1-8 күн уақыт вирус таратушы болып жүреді. 

"Бүгінде коронавирустың алдын алудың жалғыз әрі тиімді жолы - өзін-өзі оқшаулау. Бұл басқа адамдарды жұқтыру қаупін төмендетеді", - дейді ғалымдар.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2020 г. 455 0