"Тек азық-түлік, дәрілік зат, медициналық бұйымдар тасымалдайтын және өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз қызметін қамтамасыз ететін автокөліктер жіті тексеріліп жіберіледі. Балабақша, базарлар мен азық-түлік өндірмейтін кәсіпкерлік нысандары уақытша жабылады. Қоғамдық тамақтану орындары «Тұтынушыға жеткізу» қызметіне көшеді. Жолаушылар тасымалымен айналысатын қалаішілік автобустардың жүру кестесі шектеледі. Санитарлық нормалардың сақталуы мен азық-түлік қоры ситуациялық орталықта бақыланады", -делінген хабарламада.