Коронавирус тағы 6 адамнан анықталды, науқастар саны 308-ге жетті

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы 6 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап. 
31 наурыз сағат 00.10-дағы жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 6 адам тiркелді: Нұр-Сұлтан қаласында - 5 адам, Акмола облысында - 1 адам.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 173 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 12 адам, Жамбыл облысында - 3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 5 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 308 науқас тіркелді», - делінген ақпаратта.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2020 г. 310 0