Баға тұрақтылығы бақылауда

Қызылордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының көтерілмеуі бақылауда болып, баға тұрақсыздығына жол берілмеуі керек. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қала және аудан әкімдері видеоселекторлық байланыс арқылы қосылған штаб отырысында айтты.

- Азық-түлік қорын молайту, оны жергілікті жерлерге жеткізу мәселесін реттей отырып, әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларының шарықтауына жол бермеуіміз керек. Ескеретін келесі маңызды мәселе, осы сын сағатта кәсіпкерлер халыққа қарайласып, жеке басының мүддесі үшін  алаяқтыққа, алыпсатарлыққа жол бермеуі тиіс, - деді аймақ басшысы. 

Тиісті сала басшыларына көктемгі дала жұмыстарына көңіл бөлу жүктелді. Егіске қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, су тапшылығына байланысты жоспарланған күріш егу көлемін оңтайландыру да басты қаперде болуы қажет.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2020 г. 328 0