Коронавирус жұқтырған 302 науқастың ішіндегі екеуі – 14 жасқа дейінгі бала. Бұл туралы елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай жайлы онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды
ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта жалпы коронавируспен ауыратын 302 жағдай тіркелді. Оның басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында – 169, Алматыда – 73, Атырау облысында –12, Қарағанды қаласында – 13, Алматы облысында – 8, Ақмола облысында – 8, Жамбыл облысында – 3, Шымкент қаласында – 2, Шығыс Қазақстан облысында – 2, Қызылорда облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 2, Ақтау облысында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында –1, Павлодар облысында –1, Маңғыстау облысында – 1 науқас тіркелді. 302 науқастың ішіндегі екеуі – 14 жасқа дейінгі бала. Науқастардың арасында 79-ы - басқа мемлекеттерден келіп ауырған азаматтар, 97 науқас - басқа аурулармен қарым-қатынаста болғандар және 131-і - осы елде ауырған, қайдан жұқтырғаны белгісіз науқастар», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Бүгіннен бастап мемлекеттік комиссия барлық өңір бойынша карантин шараларын күшейтуді тапсырды.