Үй карантинінде отырғандарды ұялы телефон арқылы бақылайды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова цифрлық құралдар арқылы үй карантинінде отырғандарды бақылау тәсілдерін айтып берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз «Smart Astana» мобильді қосымшасын таңдадық. Бұл қосымша үй карантиніндегі адамдардың геолокациясын анықтауға, географиялық орнының өзгергенін бақылауға мүмкіндік береді. Ол үшін қолданушы «Мен карантиндемін» деген функцияны қосу керек. Тіпті қолданушы, ұялы телефонын қалдырып, алысқа ұзап шығып кетсе де, қосымша дабыл қағып, ситуациялық орталыққа хабар береді», - деді әкім орынбасары онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бұл жоба әлемнің 15-ке жуық елдерінде табысты жүзеге асырылған және Қазақстанда да тестілеуден өтті.
 «Біз әкімдікпен бірлесе жұмыс істедік және коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды бақылауды күшейттік. Бұл қосымша арқылы тұр,ындардың бас санитар талабын ұстанғанын біле аламыз. Өзге елдердің тәжірибесін зерттегенде, Оңтүстік Корея, Сингапурдың мониторинг арқылы вирусты таратпай ұстап тұрғанын анықтадық. Осындай жолмен ғана коронавирус инфекциясының тарауына жол бермейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айтқандай, ең тиімді емдеу жолы - оқшаулану», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев.
Қосымша мақұлданған соң, карантиндегі тұрғындардың барлығына жүктеу міндеттеледі. ҚР Президентінің кеңесшісі Бағдат Мусиннің айтуынша, IT жобаны отандық мамандар әзірлеген және ондағы жеке деректер толық қорғауға алынған.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2020 г. 600 0