Карантин режимін бұзғандарды «Сергек» арқылы анықтайтын болады

Алматыда күшейтілген карантин режимін бұзушыларды « Сергек» камералары арқылы анықтап, жауапқа тартады. Бұл туралы онлайн-брифингте қалалық ПД бастығы Қанат Таймерденов айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз «Сергек» камералары түсірген бейнежазбаларды қолданатын боламыз. Бізде бұл камералар қаланың периметрі бойынша барлық 27 блокпостта орнатылған. Біз мегаполиске кіріп-шыққандарды қадағалаймыз және планшеттерге енгіземіз. Сондай-ақ, қаланың ішінде де «Сергек» жүйесін қолданатын боламыз. Бұл бейнежазбалар бізге сотта адамның карантиндік режимді бұзғанын дәлелдеу үшін қажет», – дейді Қанат Таймерденов.  
Бұған дейін, қалада карантиндік шараларды күшейту үшін 26 бекет ұйымдастырылатынын хабарлаған болатынбыз.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2020 г. 235 0