Президент ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

Президент Қазақстан және Арменияның уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы «2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды» делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 наурыз 2020 г. 269 0