Қазақстанда тағы тоғыз адам қауіпті вирус жұқтырды, деп хабарлайды коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасаған
Skifnews.kz ақпарат порталы.
"30 наурыз сағат 11:10 жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелді, Алматы қаласында - 3 адам, Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 3 адам", - делінген хабарламада.
Республикада коронавирус жұқтырғандар саны 293 адамға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы - 167 адам
Алматы қаласында – 73
Қарағанды облысында - 7
Ақмола облысында - 9
Атырау облысы - 12
Жамбыл облысында -3
Шымкентте - 2
Шығыс Қазақстан облысында - 2
Алматы облысында - 6
Ақтөбе облысында - 2
Солтүстік Қазақстан облысында - 1
Павлодар облысында - 1
Маңғыстау облысында - 1
Қызылорда облысында - 5
Батыс Қазақстан облысында - 2.