Жергілікті кәсіпкер демалыс орталығын коронавирус науқастарын емдейтін госпиталь ретінде пайдалануға берді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.
«Ақмола облысының әкімдігі жергілікті кәсіпкер, қоғам қайраткері Арман Шораевтың «Aurora Garden» демалыс орталығын коронавируспен күресу шеңберінде госпиталь ретінде беру туралы ұсынысын қолдады», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов кәсіпкер ұсынып отырған демалыс орталығы Зеренді ауандық ауруханасына бекітіледі.
«Қазіргі кезде біздің тараптан қажетті дәрігерлер мен орта медициналық персоналдардың саны есептелуде. Егер жетіспей жатса, Көкшетау және Сандықтау аудандарынан мамандар алдыртамыз. Бұл біз үшін көмек, осы арқылы дәрігерлеріміз азаматтарымызды емдеп, өміріне араша түсетін болады», - дейді басқарма басшысы. Сонымен қатар, Сүлен Ілясов тамақпен қамтамасыз ету мәселесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өз мойнына алатынын айтты. Өз кезегінд
е «Aurora Garden» демалыс орталығы науқастарды карантинге және госпитальге жатқызу үшін қажеті жағдайды ұсынады. Арман Шораев телефон арқылы оның мұндай игі қадамға баруына отбасының ортақ тілегі арқау болған.
«Біз тегін 100 орындық демалыс орнын беру арқылы осы індетпен күресуге өз үлесімізді қосқымыз келеді», - деді кәсіпкер.
Бұл туралы Арман Шорав өзінің Facebook парақшасында жазды. Ол өз жазбасында ұсынысы қолдау тапқандығы үшін қуанышты екенін жеткізді. Желі қолданушылар кәсіпкердің игі ісіне қолдау білдіріп, алғыстарын білдіруде.