« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Италияның Римини қаласында 101 жастары ақсақал COVID-19 синдромымен күресте жеңіске жетіп, госпитальдан құлан-таза сауығып шықты. Бұл туралы oxy.az хабарлады.
Бұқаралық ақпарат құралдары бұл оқиғаны «итальян кереметі» деп жазып жатыр.
Қаланың вице-мэрі Глория Лизи журналистерге өзі «Пи мырза» деген лақап ат қойып алған 101 жастағы ер кісінің коронавирус жұқтырып алып, қалалық клиникаға жатқаннан кейін екі аптаның ішінде жазылып шыққаннын баяндады.
Бұл жаңалық әлемге тез тарап кетті. Себебі, «Пи мырзаның» феномені оның өмір жолының ғажайыпқа толы болғанын көрсетеді. Ол 1919 жылы сол кезде «испанка» деп аталатын испан эпидемиясының жұртты жаппай жалмап-жойып, өршіп тұрған кезде өмірге келеді. Аталмыш дерттен қаза болғандар сол заманда рекордтық көрсеткішке жетіпті.
Тіпті қазіргі заманның өзінде мамандар «испанканы» бүкіл адамзат тарихындағы таралуы мен кісі өлімі жағынан ең жоғары болған бұқаралық грипп пандемиясы болғанын айтып отыр. Бұл жағынан әзірге одан асып түсетін індет жоқ екен.
Міне, «Пи мырза» сәби шағында сол кесапат кеселден аман қалыпты. Бұдан кейін де бірнеше пандемия кезінде аман шыққан. Енді ол жасы жүзден асқан шағында тағы бір індеттің дәуіріне тап болып отыр. Бірақ бұл тажал да оны алып кете алмады, сәби жасынан қалыптасқан иммунитеті тағы сақтап қалды.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |