Атырау қаласы карантинге жабылады

Атырау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылдың 29-наурыздағы №8 Қаулысына сәйкес 2020 жылдың 30 наурызы сағат 00.00-ден бастап Атырау қаласы аумағына карантин жарияланады», делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2020 г. 453 0