Қызылордада коронавирус жұқтырған екінші адам 23 жастағы азаматша болып шықты

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екінші жағдай бойынша тиісті сала мамандары мән-жайды баяндап берді. Ол жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов пен облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мәлім етті.
Аанықталған науқас Қызылорда қаласында тұрады. Жергілікті емхананың бірінде медбике қызметін атқарады. 1997 жылы дүниеге келген. Ол кеше анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Оған медициналық бақылау жұмыстарын жүргізген.
«Қазіргі жағдайда екінші науқастың күрделі шағымы жоқ. Тек тамағының ауруы белгісі бар. Дене қызуы қалыпты. Тыныс жетіспеушілігі жоқ. Жөтел де байқалмайды. Зерттелген сынама оң нәтиже бергендіктен оған коронавирус диагнозы қойылды. Қазіргі кездегі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр», - деді Жақсылық Абдусаметов.
Ал Әлия Әбдіқайымова коронавирустығ алдын алуға бағытталған іс-шаралар барысына тоқталды.
«Қазіргі таңда 1А категориясы елдерінен келген 32 адам карантиндік бақылауға алынған. Оның ішінде, 9-ы стационарда, 23-і үй жағдайында. Бұған қоса, 1Б елдерінен келген 94 адам карантиндік бақылауда ұстап отырмыз. Оның 12-і стационарда, 82 үй жағдайында», – деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2020 г. 1 791 0