Ғалымдар коронавирустың адам ағзасында неше күн сақталатынын анықтады

Қытай ғалымдары коронавирустың адам ағзасында қашанға дейін сақталатынын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MedicalXpress басылымына сілтеме жасап.
Зерттеу 28 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Бейжің қаласындағы медициналық орталықта жүргізіліпті. Ғалымдар 16 науқастың мәліметіне талдау жасаған. Нәтижесінде қауіпті індетті жұқтығандардың ағзасында COVID-19 вирусы 1-8 күн сақталған.
"Аурудың белгілері жоғалғанымен науқастардың жартысының ағзасы вирусты бөлген. Бұл зерттеу жұмысының айтарлықтай нәтижелі болғанын көрсетеді", - дейді зерттеуге қатысқан дәрігер Локеш Шарма.
Сондықтан ғалымдар індеттен жазылған науқастарды 1-2 аптаға карантинге жатқызып, бақылауда ұстауға кеңес берді.
Сондай-ақ, зерттеу жұмысының қорытындысы иммун жүйесі әлсіз, егде жастағы науқастарға қатысы бар-жоғы белгісіз болып отыр. Дәрігерлердің болжамынша, олардың ағзасында вирус ұзақ сақталуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемде 570 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған, ал 26 мыңнан астам науқас аурудан көз жұмды.
Қазақстанда қауіпті індетке шалдыққандар саны 251-ге жетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2020 г. 402 0