Қостанай облысында коронавирустан қайтыс болған әйелмен пойызда бірге болған екі адам карантинге жатқызылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 27 наурыз күні Арқалық қаласы мен Жітіқара ауданында екі адам ауруханаға жатқызылды.
«Олардың коронавирустан қайтыс болған әйелмен бір пойызда болғаны анықталды. Жолаушылар Ақмола облысынан келе жатқан. Екеуінен де COVID-19 талдаулары алынып, теріс нәтиже көрсетті. Бұл адамдар барлық карантиндік мерзімде медицина қызметкерлерінің қадағалауында болады», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды.