Алматыда коронавирус ошақтарының саны 22-ге азайды

Алматыда коронавирус ошағының саны 22 болды. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі дерекке сәйкес, коронавирус ең көп анықталған аудан - Алатау ауданы. 
28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді. Атап айтқанда, Әуезов ауданында 2 ошақ: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а-үйі, Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекенжайында орналасқан. Алатау ауданында 5 ошақ: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234-үй; Ақкент ықшамауданы, 7-үй, Ақбұлақ ықшамауданы, 9-үй; Жасыл Желек көшесі, 13, Тойшыбек батыр көшесі, 121-үй. Алмалы ауданында 3 ошақ: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16 және Жароков көшесі, 7-үй. Медеу ауданында 4 ошақ: Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал ықшамауданы, 3 пен 5-үйлер. Жетісу ауданында 4 ошақ: Еңлікгүл көшесі, 34а-үйі; Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықш., 45-үйде науқас адам тіркелді. Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз -1 ықшамауданы, 13-үй. Бостандық ауданында 1 ошақ: Тұрғыт Озал көшесі, 242-үй. Наурызбай ауданында 1 ошақ: Береке көшесі 1/97 мекенжайында орналасқан», - деді департаменттен. Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді.
 Енді қалада азық-түлік пен дәріханалардан басқа барлық кәсіпорын, мекемелер, сондай-ақ демалыс орындарының барлығы жұмысын тоқтатты. Сондықтан қала тұрғындарына артық себепсіз сыртқа шығуға тыйым салынады. Қоғамдық орындарда да 3 адамнан артық жиналуға болмайды, 65 жастан асқан тұрғындарға көшеде жүруге шектеу қойылды.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 наурыз 2020 г. 165 0