Коронавируспен күрес: 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында жаңа тәртіп енгізіледі

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар қабылдануда. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 26 наурыздағы № 6 және 2020 жылғы 27 наурыздағы № 7 хаттамаларына сәйкес азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның анықталу жағдайларының көбеюіне байланыстыНұр-Сұлтан қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб, төтенше жағдайды жою басшысы былай деп ШЕШТІ:
 1. 2020 жылғы 30 наурыздағы сағат 00:00 бастап 6 сәуірдегі 00:00 дейін:
1) осы шешімге қосымшаға сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын мекемелерді қоспағанда, барлық ұйымдардың (меншік нысанына қарамастан) қызметі;
2) қоғамдық көліктің қозғалуы;
 3) құрылыс алаңы шекарасынан шықпай, жұмыс режимін қамтамасыз ету мүмкіндігімен жұмысшылар үшін құрылыс алаңдарында жатақханалары бар компанияларды қоспағанда, құрылыс компанияларының қызметі тоқтатылсын.
2. Қаржы нарығының субъектілері 2020 жылғы 30 наурыздағы сағат 00:00 бастап 6 сәуірдегі 00:00 дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 88 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 169 бірлескен бұйрығын, сондай-ақ «Карантин режимін күшейту кезеңінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымдары мен жекелеген филиалдарының қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 87 бұйрығын басшылыққа алсын.
3. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде:
1) қоғамдық орындардың: саябақтар, шағын бақтар, жағалаулар, көшелік балалардың ойын алаңдары мен азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыс істеуі тоқтатылсын;
 2) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдардың жұмысы тоқтатылсын;
 4. Карантин аймағының аумағына мына жағдайларды қоспағанда, 2020 жылғы 30 сәуірдегі сағат 00:00 бастап 6 сәуірдегі 00:00 дейін аса қажеттіліксіз қалада адамдар мен жеке көліктің жылжуына шектеу енгізілсін:
 1) қосымшаға сәйкес ұйымдар үшін жұмыс орындарынан анықтама (не қызметтік куәлігі) бар болған кезде тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері жылжуын;
2) тұратын немесе жұмыс орындарының тікелей жанындағы дүкендер мен дәріханалардан азық-түлік тауарларын, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды;
 3) шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге шығуды;
 4) тұрғылықты жерінің тікелей маңындағы жерлерге үй жануарларын серуендетуді.
 5. Нұр-Сұлтан қаласының аумағында карантин және төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде 55 жастан жоғары адамдарға осы шешімнің 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, аса қажеттіліксіз көшеге шығуына шектеу ұсынылсын. 6. Қосымшаға сәйкес қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (меншік нысанына қарамастан):
1) қызметкерлерді жұмыс орнына дейін жеткізілуін қамтамасыз етсін;
 2) қызметкерлерді жұмыс орны туралы анықтамалармен қамтамасыз етсін.
7. көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан дүкендерге жұмыс кестесі сағат 10:00 бастап 20:00 дейін болып белгіленсін.
8. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті:
 1) төтенше жағдай мен карантиннің қолданылу кезеңінде белгіленген жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы не орындамауы анықталған кезде тиісті әкімшілік шаралар қабылдасын;
 2) азаматтардың қоғамдық орындарда, саябақтарда, шағын бақтарда және т.с.с. болуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастырылсын;
9. Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп іргелес елді мекендерді орталықтандырылған азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жүк көлігі ұйымдастырылсын.
10. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі астана тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулауды және оның таралу қауіптерін мейлінше азайтуды қамтамасыз етуге арналған шектеу және әлеуметтік оқшаулау бойынша қабылданатын шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, және мессенджерлерде ақпараттық сүйемелдеуді, адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашып көрсетуді жүргізсін.
 11. Барлық мемлекеттік органдар мен аумақтық бөлімшелер осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
 12. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
 13. Осы шешім оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2020 г. 866 0