"Коронавирус, кет, кет, кет!". ТЖ кезінде беташар жасаған Тараз тұрғыны қамалды

Облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны үйінде беташар ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды. Ол бес тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы ПБ ЖПҚ басшысы Мамытбековтің айтуынша, беташар жүргізген асабамен полиция қызметкерлері әңгіме жүргізіп, ТЖ режимінде ондай жағдайларға жол беруге болмайтынын ескертті.

Жамбыл облысының полиция департаменті төтенше жағдай кезінде белгіленген қауіпсіздік талаптарын елемейтін және халықтың денсаулығына қауіп төндіретін адамдар тиісті жазаға тартылатынын ескертті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 наурыз 2020 г. 485 0