ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның аты-жөні мен тұратын мекенжайы қалайша әлеуметтік желілерге шығып кетуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шымкент қаласының Полиция департаменті әлеуметтік желілерде коронавирус инфекциясы бар науқастың жеке деректерін тарату фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», - Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте.