Коронавирус пандемиясы әлем бойынша 25 мың адамның өмірін жалмады. Соның ішінде Еуропа қатты зардап шекті, ол жақта осы дерттен 17 314 адам қаза тапты. Қазіргі уақытта АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Қытайды басып озды (жұма күні АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып кетті) деп хабарлайды
ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.
Коронавирус салдарынан көз жұмғандардың саны бойынша бірінші орында Италия (9 134), одан кейін Испания (4 934) мен Қытай (3 292) тұр. 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап әлем бойынша 600 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған. Өткен тәулікте Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны 969-ға жетті. Италия билігі жаңадан ауырғандар саны азайып келе жатқанын, бірақ көз жұматындар саны бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады.
Ұлттық денсаулық институтының басшысы Сильвио Брусаферро ауру жұқтырғандар саны азайып келе жатқанының басты себебі қатаң шектеу шаралары қолға алынғандығы екенін айтады.
«Бізде адам өлімі саны бойынша әлі шарықтау шегіне жеткен жоқпыз», - дейді ол.
Өткен тәулікте бұл мемлекетте бір тәулікте ауру жұқтырғандар саны 712-ге жеткен. Италия Батыс мемлекеттері ішінде алғашқы болып қатаң карантин режимін енгізді және адамдардың үйден шығуын шектеді. Аталған мемлекетте коронавирсутан көз жұмғандар саны 4 934 адамға жетті.
Испанияда ауру жұқтырған 64 059 жағдай анықталды. Бұл бұған дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 7871-ге көп. Испания – ауру жұқтырғандар саны бойынша Италиядан кейінгі екінші еуропалық мемлекет. Бұл мемлекетте төтиенше жағдай режимі 12 сәуірге дейін созылып, елдегі дүкендердің, мекемелердің және компаниялардың басым бөлігі жабылды. Испанияның Денсаулық сақтау министрі жағдай қалыпқа келе жатқанын айтты.
«Бүгінгі адам өлімі саны кешегіге қарағанда көп екені рас. Пайызбен алып қараған кезде бүгінгі күні болған өлім саны мен соңғы үш күндегі өлім санымен бірдей, бұл жағдай тұрақталып келе жатқанын білдіреді. Біз коронавирус себебінен өлудің шарықтау шегіне жеткен сияқтымыз», - дейді Рейтер агенттігі.
ДДСҰ-ның ұсынысына сәйкес жүрсек, яғни егде жастағы адамдармен қарымқатынасты 60%-ға, қалғандарымен байланысты 40% шектесек – коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуін тежеуге болады. Бұл жағдайда эпидемия құрбандарының саны 20 миллионға қысқарады. Дегенмен, ең жақсы болжам жасағанның өзінде, коронавирустан қаза табатындар саны 1,3 миллионға жетуі мүмкін. Францияның премьер-министрі Эдуард Филипп елдің шығысында басталған эпидемия Париждің шетіне дейін жеткен. Франциядағы ауруханалар федерациясы Париждегі ауруханалар 24-28 сағат ішінде науқастарға толып қалатыны туралы мәлімдеді. Orange мобильді қосымшасының мәліметінде, Парижден 1,2 млн адам кетіп қалған. Бейсенбі күні Францияда Covid-19 диагнозы салдыранын 16 жастағы қыз көз жұмды. Ол аталған вирустың ең жас құрбаны. Оның әпкесі бұл дерт егде жастағы адамдарға ғана қауіп төндіреді дегенге сенуді қою керек екенін айтты.
Пандемия салдарынан әлемдегі экономика құлдырап барады. Британияда коронавирустан көз жұмғандар саны 759-ға жетті, бұл өткен жолғы көрсеткішпен салыстырғанда 181-ге көп. Ауру жұқтырғандар саны әр үш-төрт күн сайын көбеюде. Пандемия кезінде ауру жұқтырған 14 543 адам анықталса, соңғы тәулікте 2885 жаңа жағдай тіркелген. Бұл туралы Британияның премьер-министрі Британии Борис Джонсон айтты.
АҚШ-та ауырғандар саны күн сайын өсіп келеді. Қазіргі уақытта ауру жұқтырғандар саны 100 мыңнан асып кетті. Бұл мемлекетте 1300-ден астам адам көз жұмды. Президент Дональд Трамп коронавирус пандемиясы салдарымен күресу үшін трлн доллар бөлу туралы шешім қабылдады.
Оңтүстік Корея билігі халықтан үйден шықпауды өтінді. Ол жақта ауру жұқтырған жаңа жағдай саны -91. Жалпы ауру жұқтырғандар саны қазіргі уақытта – 9 332. Премьер-министр Чон Се Гюн көктем шыққан кезде үйде отыру қиын екенін, бірақ аурудың таралу қаупін төмендету үшін үйден шықпау керектігін айтты.
Dawn газетінің хабарлауынша, Пәкістан Премьері Имран Хан коронавируспен күресетін топтар құрылатынын, ол топ мүшелері үйден шыға алмайтын адамдарға азық-түлік таситынын айтты.
Зимбабведе АҚШ долларын қолдануға рұқсат етілді. Өткен жылы экономиканы қолдау үшін шетелдік валюталарды қолдануға тыйым салынған болатын. Бұл елді дүйсенбіден бастап карантин режимі жарияланады
Танзанияда жалған ақпарат таратқан екі адам қамауға алынды. Олар автобус ішіндегіә адамдарға коронавирус ауруы өтірік екенін дәлелдемек болған.
Африка континентінде 3450 адам ауру жұқтырған. Сирия коронавирус ауруының таралу қаупнін азайту мақсатында тұрғындардың қала арасында жүруге тыйым салған. Ол жақта ауру жұқтырғандар саны әзірге 5 адам. Вирустың таралуы олар үшін ауыр соғуы мүмскін, себебі азаматтық соғыс салдарынан олардың медицина саласы әлсіреп қалған. Бұл мемлекетте кешкі алтыдан таңғы алтыға дейін коменданттық сағат енгізілді.
Түркияда коронавируспен ауырғандар саны соңғы тәулікте 2 069-ға жетті. Жалпы ауырғандар саны - 5 698 человек. Бұл дерттен көз жұмғандар саны бір тәулікте 17 адамнан 92 адамға өсті.