« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда облысы бойынша коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді.
I (а) категория елдерінен облыс аумағына 2020 жылдың 14 наурызынан бүгінге дейін 33 ел азаматы келген (Германия, БАӘ, Тайланд, Үндістаннан). Оның 8-і облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды, Байқоңыр ФМБА орналастырылғаны - 2 азамат. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады. Қалған 23 адам үй жағдайында бақылауда.
I (б) категория елдерінен 54 (Оңтүстік Корея, Латвия, Ұлыбритания, АҚШ, Венгрия, Латвия, Россия, Иордания, Беларуссиядан) адам келген. Үй жағдайында карантинде – 48 азамат (11 азамат 1 күндік карантиндік стационардан болып, анализ қорытындысымен КВИ анықталмауына байланысты стационардан үй жағдайына шығарылды).
- Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылғаны – 4 (карантиндік стационарда – 3, правизорлық стационарда - 1), Қазалы ауданаралық ауруханасына орналастырғаны – 2. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады, - деді басқарма басшысы.
КВИ анықалған науқаспен қарым-қатыснаста болған 3 ҚР азаматы бақылауға алынып, 2-еуі Қазалы ауданаралық ауруханасына, 1-еуі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына (Шымкент қаласының азаматшасы) жатқызылды. Оның 1-еуі - Қазалының, 1-еуі Қызылорда қаласының, 1-еуі - Шымкент қаласының азаматы. Шымкеттік тұрғын 24 наурыз күні облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Денсаулық жағдайы бір қалыпты. Анализ қорытындысымен КВИ анықталмады.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |