Қандай қызмет түрлері электронды түрде көрсетіледі?

Президент тапсырмасына сәйкес төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі бекітілді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев облыс әкімдігінің баспасөз орталығындағы брифингте мәлімдеді.
Төтенше жағдай кезеңінде мына мемлекеттік қызметтер «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы көрсетіледі:
- мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;
- мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;
- жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;
- мүгедектерге кресло-арбалар беру;
- мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;
- үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
- медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;
- оралман мәртебесін беру немесе ұзарту;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау.
- жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
-  мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;
- мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
- жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2020 г. 354 0