Қарағандыда тағы екі адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағандыда коронавирустық инфекция (COVID-19) тағы екі адамда расталды. Олар Франциядан «Минск-Нұрсұлтан» рейсімен 18 наурызда ұшып келген. Екі әйел қонғаннан кейін бірден карантинге жатқызылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Пациенттерде вирустың болуы зертханалық талдаулар арқылы расталды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев онлайн-брифинг барысында.
Рейстің қалған жолаушыларынан 26 наурызда коронавирус белгілері табылмады. Медициналық персонал санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын және қажетті хаттамаларды сақтауда.
 Бүгінгі күні карантинде 314 адам тәулік бойы бақылауда. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 152 адам үй жағдайында карантиннен өтуде.
Бұған дейін Қарағандыда коронавирустық инфекция жұқтырған екі адам анықталған болатын. Бүгінгі күні олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2020 г. 282 0