Төтенше жағдай режимін бұзғандар жазаланды

Төтенше жағдайдың енгізіліуіне байланысты Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, қалалық прокуратура және  жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері бірлескен рейд жүргізуде.

Шара барысында төтенше жағдай кезінде белгіленген заң талаптарын бұзғандар үшін облыс бойынша жалпы 29 дәмхана мен мейрамхана, букмекерлік кеңсе және компьютерлік клуб иелері анықталды. Бұл деректер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша 17 әкімшілік іс қозғалды. Істер онлайн режимде сотта қаралып, 13 адамға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 4 азаматқа әкімшілік қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.         

 

       Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 наурыз 2020 г. 442 0