«Bi-Group» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев коронавируспен күрес үшін өзінің қонақүйін пайдалануға берді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кеше @BIGroup_KZ компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы қайырымдылыққа 2 миллион доллар бөлсе, бүгін карантин науқастар үшін аурухана ретінде қонақүйін берді. Жарайсың, Айдын! Нағыз патриот! Коронавирус індетімен күрес көптеген қазақстандықтарды біріктірді. Елбасының халықты қолдау туралы бастамасын бірінші болып қолдағандардың бірі - кәсіпкер Айдын Рахымбаев»,-деп жазды Айдос Үкібай.