Мемлекеттік қызметшілер қатарында 235 көпбалалы ана бар

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметшілер қатарында 235 көпбалалы ана қызмет атқаруда. Олардың арасында 15 "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлері бар.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Нұрман Талқанбаев мәлімдеді.

"Облыстағы көп балалы аналардың 176 төрт баланың, 66 бес баланың анасы болса, алты бала және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 15 "Батыр ана" мемлекеттік қызметте ер азаматтармен қатар қызмет атқаруда. Батыр аналардың арасында Қармақшы аудандық қазынашылық басқармасының бас маманы Айгүл Қозбақова 8 бала, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округінің бас маманы Ақмарал Мыханова 7 бала тәрбиелеп, "Алтын алқа" иегерлері атанған", - деді Н. Талқанбаев.

Өңірде шетелдік оқу орындарын бітіріп, мемлекеттік қызметте жүрген 7 азаматша бар. Олардың 2-уі "Болашақ" бағдарламасы бойынша, 5-еуі түрлі шетелдік жоғары оқу орындарын тәмамдаған.

Сондай-ақ, ғылыми дәрежесі бар 5 әйел және мүмкіндігі шектеулі 13 нәзік жанды мемлекеттік қызметте жүріп аймақтың дамуына атсалысуда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2020 г. 334 0