Маска сататын дәріханаларға бейнебақылау камералары орнатылатын болады

Алматыда маска бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов онлайн брифинг барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов онлайн брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Брифинг барысында азық-түлік пен дәріханалардағы маска бағасына бақылаудың күшейтілгені де айтылды. Қарапайым масканың бағасы 87 теңге деп бекітілсе, көмір фильтрлі маска 111 теңгемен сатылуда. «Ол үшін Алматыда 48 дәріхана белгіленіп, барлығына бейнебақылау орнатылды. Бейнебақылаудағы жазба бір айға дейін сақталатын болады. Бағаның негізсіз көтерілуі анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», - деді Бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Арлан Қалуетов.
 Оның айтуынша, мегаполисте монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, бүгінде қалада фитнес, спа-салондар, сұлулық салондары мен қоғамдық моншалар жұмысын толық тоқтатты.
«Біздің департамент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шараларды қолға алды. Бетперденің бағасын негізсіз көтеру фактілері бойынша департамент тарапынан нарық субъектілеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл бойынша бізге келіп түскен шағымдар көп», – деді ол.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2020 г. 415 0