Коммуналдық мекемелер қызметі

Елімізде жарияланған төтенше жағдай барысында коммуналдық мекемелердің жұмыс режимі қалай жүргізіледі? Бұл орайда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин, «Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясы АҚ басқарма төрағасы Мұхитжан Кәрімбаев, «Қызылорда Жары­ғы» холдинг бірлестігі, «Қаз­ТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы, «Қызылорда су жүйесі» мекемелерінің басшылары мен өкілдері жан-жақты баяндап берді.  
Қазіргі таңда барлық коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері антисептикалық сақтану құралдары және бетпердемен қамтамасыз етілген. Енгізілген шектеулерге қатысты талаптарды қамтамасыз ету мақсатында нысандар күшейтілген режимде жұмыс жасау үстінде.
Кәсіпорын басшыларына сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізу міндеттелген. Тұтынушыларға қолайсыздық тудырмау үшін төлемдер мен ұсынылатын қызмет түрлері (техникалық шарт беру, есеп айырысу) онлайн режимде жұмыс жасауда. Атап айтқанда, электрмен қамту бойынша облыста 3 энергиямен жабдықтаушы ұйым қызмет атқарады. Олардың қатарында «Энергосервис», «Дәулет-энерго», «Шиелі жарығы» мекемелері бар. «Энергосервис» мекемесінде бұрыннан 80 мыңнан астам абонентке бірыңғай төлем құжаты таратылуда. Қала бойынша 12 касса жұмыс істеп тұр.

«СБ» ақпарат.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2020 г. 310 0