Медициналық бақылау бекеттерінде жұмыс қызу

Қызылорда облысында медициналық-бақылау бекеттері Түркістан, Ақтөбе, Жезқазған және Жаңақорған-Балтакөл бағыттарындағы автожолда орналасқан.
Тәулік бойы жұмыс жасайтын блок-бекеттерде облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті полиция қызметі мен жедел жәрдем дәрігерлері қызмет жасауда.
Медициналық-бақылау бекетінде өңірге келушілердің міндетті түрде
денсаулық жағдайы тексеріледі, тепловизор арқылы дене қызуы өлшенеді, әрі қарай медициналық бақылауға алу үшін жеке мәліметтері алынып, сауалнама толтырылады, ауру таралуының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме беріледі.
Бүгінгі күнге дейін  170-ке жуық автокөлік пен 400 адам тексеруден өтті.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 наурыз 2020 г. 300 0